«Қаржылық тәуекелдерді басқару» пәнін оқудың мақсаты студенттердің қаржылық тәуекелдерді зерттеудің және бағалаудың заманауи әдістері, басқару әдістері және коммерциялық ұйымның тәуекелдерін азайту туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу барысында келесі мәселелер қарастырылады: ұйымды басқару жүйесіндегі қаржылық тәуекелдер, пайыздарды басқару, инфляциялық және валюталық тәуекелдер, табыстылық деңгейі.
-тәуекелдің экономикалық мәнін және тәуекелдің негізгі түрлерін түсіндіру;
-тәуекелдер мен шығындарды бағалау әдістерін қолдану; тәуекелдерді басқару әдістері және олардың ықтимал үйлесімі;
-қаржылық тәуекелдерді бағалаудың тиімді әдістерін қолдану;
-қаржылық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыру;
-қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған тиімді іс-шараларды ұсыну.