Мақсаты–табиғи- территориялық және антропогендік кешендердің түзілуі, таралуы, қалыптасуы, құрылысы, дамуы туралы кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарды зерттеу.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық-табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын бір–біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын анықтауға бағытталған
Курс ландшафттың вертикал, горизонтал құрылымы, ландшафтық қабықтың иерархиясы, ландшафт геохимиясы, геофизикасы мәселелерін қарастырады.
ПН1-Ландшафт түзуші факторларды анықтайды; курсты оқу барасында географиялық қабықшаның жіктелуінің негізгі физикалық-географиялық заңдылықтарын; табиғи ландшафттың қасиеттерін, оның құрылымы мен морфологиялық құрылысын біледі.
ПН2-Ландшафттың даму динамикасы мен өмір сүруін айқындайтын табиғи және антропогендік факторларды; антропогендік және табиғи ландшафттарды жіктеу әдістемелерін; физикалық-географиялық аудандастырудың тәсілдері мен қағидаларын; ТМД, Орта Азия мен Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастыруының негізгі үлгілерінің мазмұнын қолданады.
ПН3-Ландшафты физикалық географиялық аудандастырудың құрамын бағалаудағы әдістерді, жергілікті жердің экологиялық-геохимиялық коэффиценттерді есептеу арқылы бағалайды
ПН4-Ландшафттану пәнінің бағытына сәйкес жасалатын далалық зерттеу жұмысының орындалу әдістемесін толық меңгереді, зерттеу жұмысын тұжырымдайды.
ПН5-Ландшафты физикалық географиялық аудандастырудың құрамын бағалаудағы әдістерді, жергілікті жердің экологиялық-геохимиялық коэффиценттерді есептеу арқылызерттеу жұмыстары арқылы болжам жасайды.