Пәннің мақсаты: орта ғасырлық Қазақстан аумағында орын алған тарихи үрдістер туралы нақты білім беру. Оқу курсы Қазақстан тарихының ортағасырлардағы маңызды оқиғаларына тарихи талдау жасау негіздерін қалыптастырады. Пән VІ–ХІІ ғ.ғ. бастап, ХІV–ХVІІ ғ.ғ. қазақ этносы қалыптасуының аяқталуы, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, құлдырауы, қазақ халқының материалдық-рухани мәдениетін зерделеуге бағытталған.
«Орта ғасырлар» ұғымы арқылы тарихи кезеңдеу мәселесін түсініп, олардың тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді; VІ – ХІІ ғ.ғ. түркілер дәуірінен бастап, ХІV – ХV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер тарихы, ХVІ ғасырдың 1-ширегіндегі және ХVІІІ ғ. басындағы қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы біледі; өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетіп, сыни қарайды; қазақ этногенезінің негізгі тарихи кезеңдері, Қазақ хандығы құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтары туралы жалпы түсініктерді тиянақтап, тұжырымдайды; түрлі дереккөздерін пайдаланып, сараптама жасайды; Қазақстанның ортағасырлардағы тарихын қазақ мемлекеттілігінің, қазақ этносының, халықтың, өзіндік салт-дәстүрінің, заттай, рухани және шаруашылық мәдениетінің қалыптасуына әкелген объективті тарихи процесс ретінде талдайды; орта ғасырлар дәуірінің негізгі ұғымдары мен тарихи үрдістерін сараптай білуді үйренеді; ортағасырлардағы Қазақстан аумағындағы тарихи-этномәдени процестердің ерекшелігі мен негізгі кезеңдерін ажыратады және олардың заңдылықтарын дәлелдейді; Отандық тарих ғылымының бүгінгі жетістіктеріне сүйене отырып, Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларының сол замандағы дүниежүзілік тарихи процестерге қатынасы мен маңыздылығын анықтайды; тарихи оқиғалар мен тұлғалардың іс-әрекетіне баға береді, ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдей алады.