пәннің мақсаты бастауыш мектеп жасындағы оқушыны, оқушылар ұжымын кешенді зерттеудің диагностикалық әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Пән психологиялық-педагогикалық зерттеулерді түрлі сапалар мен жаңадан қалыптасқан қасиеттердің көріну деңгейін анықтауда қолдана білуді үйретуге бағытталған. Пән мазмұны психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздерін, әдістерін, әдістемелерін, кіші оқушы тұлғасын зерттеудің ерекшеліктерін қарастырады.
кіші мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын біледі; мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға ата-аналарды тарту әдістері мен инновациялық формаларын меңгерген; кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі технологияларды пайдалана отырып кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік, танымдық, шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үшін заттық, кеңістік орта құра біледі; кіші мектеп жасындағы балалармен қарым-қатынас пен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра біледі; адами құндылық нормаларына негізделген толеранттық, адалдық, әділдік, мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілікті, өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау, ойлай білу қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруі құралдарын меңгерген.