B.10.009

Жыраулар поэзиясы

Course ID
B.10.009
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
4
Credit
5
Method

Мазмұны

Қазақ хандығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік саяси жағдай және жыраулар поэзиясы. Хандық дәуір әдебиетінің даму, қалыптасу бағыттары, жиналу, зерттелу жайы және көркемдік ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулар поэзиясы. Қазтуған Сүйінішұлының шығармашылығы.Асан қайғының, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау шығармашылығы.Жиембет жырау, Марқасқа жырау шығармашылығы. Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақынның, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақынның, Шал ақынның шығармашылығы

Оқыту нәтижелері

Әдебиеттану ғылымының негізгі ұғымдары мен теориялық категориялары, әдіснамалық негіздері туралы біледі. Әдеби даму үдерісінің гуманитарлық ғылымдар саласы, оның ішінде филологиядағы ерекшеліктерін түсінеді. Көркем шығарманы әдеби-теориялық талдау іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білімдері негіздерін қолдана алады. Жалпы білім беру үрдісінде әдеби-теориялық білімдерді қолданудың әртүрлі мәселелерінің жолдарын ажырата біледі. Әдеби шығармаларды оқуда әдеби-теориялық талдауды жүзеге асыратын тиімді сабақ жоспарларын әзірлей алады. Көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саналы бағалай алады.