Адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы екенін ұғыну. Курста адам ағзасы қызметі мүмкіншіліктері және оның арту механизмдерін зерттеу,жүйе – қоршаған ортамен байланысы және механизмі құрылысының теориясы, физиологияның негізгі заңдылықтары, қалыптасуы және ағзалардың физиологиялық қызметтерінің реттелуі қарастырылады.
адам денесінің құрылысын және даму заңдылығын, организмнің пішіні мен қызметін, олардың қарым-қатынасын меңгереді; зертханалық сабақтарда өз бетімен тәжірибелік ғылыми зерттеулер жүргізеді;ағзаның сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жауабын зерттеп,жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында бұлшық ет қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді талдайды;адам денсаулығына көмек беріп, күнделікті практикада кездесетін физиологиялық көрсеткіштерді пайдалана отырып баға береді.