«Педагогикалық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы М.С.Жангозиеваның жетекшілігімен «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттері ұйымдастырған «Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың белсенді әдістері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: жаңартылған білім бағдарламасының қазіргі таңда бастауыш мектепте қолданылуы жайында пікір алмасу және мектеп пен университет арасындағы тәжірибелік байланысты нығайту. Бұл шараға Ақтау қаласындағы №21-мектеп жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері Арипова Құлыншақ пен Лабакова Ұлболсын арнайы қатысты. Олар жаңартылған білім бағдарламасын бастауыш сыныптарға енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, осы тақырып аясында кафедраның аға оқытушылары С.Д. Махметова мен М.Б. Кабакова өз пікірлерін ортаға салды. Студенттер өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша пікір алмасып, белсенділік көрсетті.