«Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Азамат құқығына нұқсан келетін әрекеттердің алдын-алу» атты семинар-кеңес өткізіліп, оған Адам құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның Маңғыстау филиалының директоры Александр Муха және заңгер Айгул Досумбекова қатысты.
Іс-шараның мақсаты – студент жастарға заң үстемдігі, заңи жауапкершіліктен босатылмау қағидалары негізінде адам құқығының құқықтық құндылық ретінде қорғалуының заңи кепілдіктерін түсіндіре отырып, құқықтық білімдерін, өзгелердің құқықтарына құрметпен қарау қасиеттерін дамыту.