Yessenov University ректоры Берік Ахметов Будапешт қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Венгрия жоғары оқу орындарының ректорлар форумына қатысты. Қазақстан мен Венгрияның білім беру технологиялары бойынша ынтымақтастығының осындай интерактивті платформасы алғаш рет ұсынылды. Екі достас мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ректорларының кездесуі – білім қоғамдастығының көпірлерін нығайтуға, бірлескен ғылыми зерттеулерге көңіл бөлуге бағытталған. Бұл платформа индустриялық-инновациялық ынтымақтастық туралы және осы саладағы бірлескен іс-шаралар одағының интеллектуалдық интеграциясы болып табылады.
Сондай-ақ, Форумға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова және ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ректоры Ерлан Сыдықов қатысты.
Форум барысында Берік Ахметов «Yessenov University: Каспий аймағы үшін білім беру орталығы» атты презентация өткізді.
Кездесу барысында Yessenov University мен Budapest Metropolitan University арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.