Атырау қаласында үшінші Халықаралық «Atyrau International Petroleum Olympiads» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан және Ресейдің 8 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты. Олар арнайы тренажер-имитататорларда зертханалық жұмыстарды орындай отырып, әртүрлі күрделі теориялық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін TCO, NCOC, Schlumberger және басқа ірі компаниялардың жетекші мамандары бағалады. Бұл олимпиадаға университетіміздің «Мұнай және газ» факультетінің, «Yessenov University SPE student chapter» ұйымының студенттері Аманмырзаев Ермек, Сақыпжан Елдос, Сәрсенбаева Анеля және Канатбаева Улболсын қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Аманмырзаев Ермектің тобы 1 – орынға және Сақыпжан Елдостың тобы 2 – орынға, Сәрсенбаева Анеляның тобы 3-орынға ие болды. Олимпиада жүлдегерлері алдағы уақытта еліміздің Қашаған, Тенгиз сынды ірі мұнай кенорындарында 1 ай мерзімде тағылымдамадан өтетін болады.