«Инжиниринг» факультетінде «Жер қойнауын игерудің ресурстық, аз қалдықты және экологиялық технологиялар» тақырыбындағы XVII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан ғалымдармен кездесу өткізілді. Жетекші ғалымдар зерттеу тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтты. Кездесу өте жемісті өтті, оқытушылар мен магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Аталған кездесу ғылыми байланыстарды орнату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту алаңына айналды.