2023 жылғы 25 қыркүйекте «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ-да «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай саласының қызметкерлерін оқыту үшін «YESSENOV UNIVERSITY білім беру интенсиві» курстарының ашылуы өтті. Білімді игеру бойынша оқыту бағдарламасы: «Икемді құзыреттер (SOFT SKILLS): эмоционалды интеллект, сыни, креативті, цифрлық және жүйелік ойлау, коммуникация», «Қаржылық сауаттылық: жеке қаржы және кәсіпкерлік», «Құқықтық сауаттылық: еңбекті талдау және бағалау саласындағы медиативтік рәсімдерді қолданудың заманауи әдістері», «Мұнай-газ ісінің негіздері», «Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірістік санаттары бар үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен қондырғылары бар жұмыскерлер, объектілер үшін өрт-техникалық минимумы», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» екі айға есептелген.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның болашақ 51 қызметкерін мұнай, педагогикалық, қаржы және заң салаларында жоғары білікті тренерлер оқытады: Б.А. Кошимова, К.М.Шайхиева, Р.У. Баямирова, А.Т. Жолбасарова, Ж. Таскинбайқызы, Б.Т. Ауешова, Б.С.Сүлейменова, Л.С. Тайжанова, Р.К. Әбілшеева, А.А. Тасболатова.
YESSENOV UNIVERSITY Үздіксіз білім беру институты курстарды оқыту жобасын төртінші лекке сәтті жүргізілуде, курстарды аяқтау қорытындысы бойынша тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар мен куәліктер табыс етіледі. Алдыңғы уақытта мұнай компаниясымен жемісті ынтымақтастық аясында Үздіксіз білім беру институты 367 тыңдаушыны оқытуды ұйымдастырды.
Ағымдағы «YESSENOV UNIVERSITY білім беру интенсиві» курсы тиісті басқармалар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесу — семинарларды белсенді өткізуді, сондай-ақ тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды: мұражайға, сәбилер-балалар үйіне, қарттар үйіне, сенбіліктерге, Тимбилдингтерге баруды жоспарлап отыр.