3 ақпан күні Маңғыстау облыстық соты және Yessenov University арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның мерзімі ұзартылды.
Меморандумға сәйкес, білікті заң кадрларын дайындау, кадр резервін жасақтау, тәжірибе алмасу, соның ішінде сырттан келіп дәрістер оқу, дуалды оқыту, семинар, тренингтер және өзара қатынастың өзге де нысандарын ұйымдастыру өрісіндегі өзара мүдделік қарым-қатынас нығая түсті.
Қол кою рәсіміне Yessenov University президенті Б.Б. Ахметов, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Б.А. Әметов, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Г.Қ. Бақытжанова, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасының м.а. Е,У.Қарабаев, әкімшілік істе