Мақсаты-мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда жобаларды басқару саласындағы білімді бағалау және оларды мұнай кен орындарын игеру және пайдалану кезінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс инженерлік міндеттерді шешу және саланы жобалық басқару кезінде экономикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мұнай-газ саласының инвестициялық үрдісінің кезеңдерінде жобаларды басқаруды ұйымдастыру және жүйелерді зерттеуді қамтиды.
ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми шолуды орындайды, өз жұмыстарын қорғайды; қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларды көрсетеді, топта жұмыс істейді, даулы жағдайларды шешеді, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстырады; мұнай – газ саласындағы жаңа технологияларды жетілдіру, жаңғырту және енгізу кезінде инновациялық тәуекелдерді бағалайды; ғылыми зерттеуді жүзеге асырады, газ және газконденсатты кен орындарын игеру және пайдалану процесінде іске асырылатын мұнай беруді арттыру әдістерінің тиімділігін бағалайды