Мақсаты: жылутехникалық эксперименттерді жүргізудің теориялық негіздерін оқып үйрену және қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін меңгеру .Пән жылутехникалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және ұйымдастыру принциптері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс ғылыми экспериментті жоспарлау және жүргізу әдістерін қамтиды; жылутехникалық процестердің параметрлерін өлшеудің қазіргі заманғы әдістері мен аспаптарын қолдану
Курс соңында магистрант:
– жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық объектілерді құрудағы эксперименталды зерттеулердің рөлін түсіндіреді
– эксперименталды зерттеулер жоспарын таңдайды; зерттеу міндеттеріне сәйкес өлшеу сұлбаларын құрастырады және өлшеу құралдарын таңдайды
– эксперименттерді жүргізудің оңтайлы шарттарын іздеуді жүзеге асырады
– ақпарат көздерімен және тиісті бағдарламалық-техникалық құралдармен өз бетінше жұмыс істеудің әдістемелік дағдыларын жетілдіреді