Мақсаты – студенттерге аудио- және видео-технологияларды қамтитын аппараттық, түрлі салаларда мультимедиа-технологияларын қолдану мүмкіндіктері мен перспективалары туралы мәлімет беру.
Пән студенттерге мультимедиа, мультимедиалық өнімдерді құру принциптері туралы түсінік беруге бағытталған. Курста аппараттық және бағдарламалық құралдары, форматтары, гипертекст, компьютерлік графиканың түрлері, моделдер, анимация, аудио-деректер, видео-ақпарат, мультимедиа өнімдерін құру кезеңдері және технологиясы қарастырылады.
пәнді игеру барысында заманауи ақпараттық қоғамның мағынасын және проблемаларын анықтайды; аудио- және видео-технологияларды қамтитын аппараттық және бағдарламалық құралдар саласында қажетті программалық-техникалық жасақтамаларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын қолданады; мультимедиалық сүйемелдеуімен қосымшаларды құру дағдыларына ие болу, мультимедиа деректерді құру, конвертациялау және өзгерту тәсілдерін талдайды; мультимедиа-қосымшалар мен анимациялар құру, бірегей ақпараттық құралда мультимедиалық ақпараттарды ұйымдастырады; мультимедиа-қосымшалар мен анимациялар құруда өзінің шығармашылық қабілетін бағалайды.