«Менеджмент» пәнінің мақсаты менеджменттің ғылым, практика және өнер ретіндегі жан-жақты көзқарасын қалыптастыру және оның қазіргі тұжырымдамасын түсіну, сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жаңа экономикалық жағдайда отандық кәсіпорындарды басқарудың қажеттіліктері мен міндеттеріне бейімдеу болып табылады. «Менеджмент» курсының бағыты логикалық дәйектілікте микро деңгейдегі басқарудың әдіснамалық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін қарастырады.
– қазіргі заманғы ұйымдағы менеджердің рөлі мен орнын, басқарушылық шешімдердің сипаты мен жіктелуін; мотивацияның негізгі теорияларын түсіндіреді;
– ұйымның мақсаттар жүйесін, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тактикасын көрсетеді;
– басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жасайды;