B33.035

Стандарттау және сертификаттау

Course ID
B33.035
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
5
Credit
3
Method

Мазмұны

Мақсаты: стандарттау, негізгі қағидаттар, ҚР сертификаттау ережелері, сертификаттауды қолдану салалары, схемалар, сәйкестікті растау жүйелері туралы білімді қалыптастыру. Бағыты: стандарттау, сертификаттаудың теориялық, ғылыми негіздерін оқу; техникалық регламенттер, стандарттар нарығын зерттеу. Курс ҚР стандарттаудың құқықтық негіздерін, стандарттау әдістерін, ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесін, өнімді сертификаттау сұлбаларын, сертификаттаудың заңнамалық, нормативтік негіздерін үйретеді.

Оқыту нәтижелері

– стандарттау мен сертификаттаудың теориялық принциптері мен әдістерін, стандарттау мен сертификаттаудың мәні мен мазмұнын, осы саладағы жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайды.
– стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қолданады.
– нормативтік құжаттардың түрлерін пайдалану, әзірлеу және бекіту тәсілі бойынша бағалайды және салыстырады; тұжырымдар тұжырымдайды.
– практикалық қызметтің түрлі салаларында алынған ғылыми негіздердің білімін қалыптастыру және пайдалану.