Пәннің мақсаты: дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қазіргі жағдайы саласында, олардың энергетикалық, экономикалық және экологиялық сипаттамалары жөнінде білім қалыптастыру. Міндеті: жаңартылатын энергия түрлері негізінде өмір тіршілігін қамтамасыз етудің энергетикалық жүйелерінің көрсеткіштерін талдау және пайдалану, құру принциптерін оқып үйрену. Курс жаңартылатын энергия түрлері мен олардың негізінде энергия қондырғылары, жаңартылатын энергия қондырғыларының жұмыс режимдері мен автоматтандыруын қамтиды.
Курс соңында студент:
– жаңартылатын энергетика қондырғыларының негізгі энергетикалық және қосалқы жабдықтарының негізгі қасиеттерін, конструкциясын және жұмыс принципін анықтайды
– энергетикалық жабдықтың негізгі тораптарын және жалпы автономды жүйені есептейді
– энергия көздерінің энергетикалық әлеуетін бағалауды жүргізеді;