B28.016

Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау

Course ID
B28.016
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаумен байланысты барлық сұрақтар кешенін орындауға көмектесетін кәсіби білімді қалыптастыру. Міндеті: өнеркәсіптік кәсіпорынды электрмен жабдықтаудың оңтайлы жүйесін жобалау принциптерін оқып үйрену. Курс электр қондырғыларын жобалау үшін нормативтік құжаттарды, сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін жобалауды, зауытішілік электрмен жабдықтау жүйесін жобалау қамтиды.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында студент:
– жүктемені есептеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, жобаланатын кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесінің барлық сатыларында есептік электр жүктемелерін анықтайды
– электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерін таңдайды және есептейді: ажыратқыштар, өткізгіштер (электр беру желілері, кабельдер, ток өткізгіштер және шинопроводтар), өнеркәсіптік кәсіпорынның қосалқы станцияларының трансформаторлары
– сыртқы және зауытішілік электрмен жабдықтау желілерінің конструктивтік орындалуын бағалайды