B01.029

Ағылшын тілін оқыту әдістемесі

Course ID
B01.029
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

пәннің мақсаты шетел тілінде білім берудің жаңа концепциясын үйрету. Пән болашақ шетел тілі мұғалімінің кәсіби, пәндік дайындық сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Пән мазмұны қазіргі кезеңде маманға қойылатын әлеуметтік-педагогикалық талаптарға жауап беруді, шет тілде білім беру әдістемесінің дамуының әлеуметтік-саяси шарттасу заңдылықтарын түсінуін және іргелі парадигмалар ауысуын қамтамасыз етуді қарастырады.

Оқыту нәтижелері

оқытудың заманауи инновациялық және интерактивті әдістемелеріне әртүрлі тәсілдерді көрсетеді және оларды практикада қолданады; мектепте шет тілді білім беруді оқыту әдістемесі саласындағы негізгі жетістіктерге сүйене отырып оқытудың технологияларын, әдістері мен тәсілдерін жіктейді; мәдениетаралық қарым-қатынас құралдарының бірі шет тілін оқытудың әдістемелік мәселелерін шешеді; мәдениетаралық коммуникация контекстінде шет тілді білім берудің принциптері мен әдістерін қолданады; халықаралық стандарт талаптарына сәйкес шет тілін, академиялық (жалпы кәсіптік) және арнайы мақсаттарға арналған шет тілін меңгерген; шет тілдерін меңгеруде өздігінен білім алу мен өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асырады.