15 наурыз күні Yessenov University «Мұнай және газ» факультетінің профессор-оқытушы құрамы мен жұмыс берушілер «Бірлесе кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты – түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілігіне деген талапты нақтылауға және еңбек нарығы мен университеттің мүмкіншіліктерін ескере отыра, оқу жоспарларын жасақтауға мүмкіндік беретін жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағытындағы бірлескен қызметті жүзеге асыру болып табылады.
22 мекеме және өндіріс өкілдері, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Актауский машиностроительный завод» ЖШС, «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ , «КазАзот» АҚ, «СП «CASPI BITUM» ЖШС , «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы», аталған салада орын алып жатқан мәселелерді шешуде университетпен бірлесе отырып шешуге дайын екендіктерін айтты.