Yessenov University мен «CASPI BITUM» ЖШС арасында қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында зауыт аумағында ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. «CASPI BITUM» ЖШС атынан бас директор Қожабаев Ерболат Өмірсерікұлы, өндіріс жөніндегі орынбасары Жанғабылов Рахымжан Жадықбайұлы, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Оспанов Ғабиден Бақытұлы , бас технолог Мұқанов Талғат Дүйсенбиұлы, кадр бөлімінің бастығы Байпақов Әбілқайыр Жаңаұлы қатысты. Yessenov University атынан ректор Ахметов Берік Бақытжанұлы, ғылыми жұмыс және интернацияландыру жөніндегі проректор Нұрмағанбет Ермек Талантұлы , ғылым және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Иманбаев Ержан Иманбайұлы, “Инжиниринг” факультетінің деканы Джумагазиева Шара Қаниқызы, “Инжиниринг” факультетінің декан орынбасары Ақкенжеева Анар Шынабайқызы, “Экология және химиялық инжиниринг” кафедрасының меңгерушісі Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы қатысты . «CASPI BITUM» ЖШС-де «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының филиалын құру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және шарттық ғылыми-зерттеу жобаларын орындау мәселелері, «CASPI BITUM» ЖШС-нің ашылуының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны бірлесіп өткізу мәселесі қаралды. Өткізілген кездесу нәтижесінде барлық қаралған мәселелер бойынша бірлескен келісімдерге қол жеткізілді.