Әскери кафедра оқытушылары Yessenov University үздіксіз білім беру институтында: «Жоғары мектепте оқытудың заманауи тәсілдері» курсы бойынша білім алды.
Оқытушы өздігінен өзгерістерге ұмтылу, оларды тудыру, дербес шешімдер қабылдау және оларға жауапты болуы қажет. Өзінің кәсіби деңгейін арттыра отырып, педагог есте сақтауға міндетті: оқыту-бұл өмір бойы жалғасатын үрдіс. Оқытушылардың біліктілігін арттыру ғылымның дамуына, жаңа ғылыми тұжырымдамалардың пайда болуына байланысты бұрын зерттелген фактілерді, ұғымдарды, заңдылықтарды қайта қарауға байланысты.