Педагогика факультеті университет деңгейінде қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге факультет оқытушылары мен студенттерінің қолдарынан шыққан тоқыма бұйымдары, кестеленген, ағашқа ойылған және зергерлік бұйымдары қойылды. Сондай-ақ, факультет білім алушыларының салған суреттері де қойылып көпшілік көңілінен шықты.