«Бизнес және құқық» факультеті «Экономика» мамандығының студенттері «Балалар – өміріміздің нұры» атты кезекті қайырымдылық акциясын өткізді, балалар үйіне барып, балаларға арнап әртүрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды, естелік сыйлықтар сыйлады. Қайырымдылық шарасы кезінде балалар жағымды көңіл-күй, оң эмоцияларымен назардан тыс қалдырмағандарына риза болды. Бұл оқытушылар мен студенттер ұйымдастырған алғашқы қайырымдылық шарасы емес. Болашақта да студенттер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жақсы игі іс жасауды жалғастыруды жоспарлап отыр.