«Инжиниринг» факультетінде «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының ұйымдастыруымен (Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы «Табиғатты реттеу жобалары» бөлімінің басшы міндетін атқарушысы Сармурзина А.Х.) және үкіметтік емес ұйымдар («Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сагиндикова Н.Т.) өкілдерінің, студенттердің қатысуымен семинар өткізілді. Семинар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделе отырып, экологиялық тәрбие мен мәдениетті қалыптастыру бойынша табиғатта болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға бере отырып, оның себептерін ашу және терең түсіну жөнінде жастардың көзқарасын, санасын қалыптастыру бойынша мәселелерді қарастырды.