Инжиниринг» факультетінде Prof. Dr. Mohamed Bin Othman (PhD University Kebangsaan Malaysia, MSc University Teknology Malaysia) (Department of Communication Technology and Network, Faculty of Computer Science and Information Technology, University Putra Malaysia) «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 2,3,4 курс студенттеріне және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранттарына «Wireless Technologies in IR 4.0» тақырыбында дәріс оқыды.
Қазіргі кезде сымсыз желілерді дамыту тақырыбы ерекше маңызды. Сондықтан студенттер мен магистранттар дәріске үлкен қызығушылық танытты. Профессормен кездесу кезінде Prof. Dr. Mohamed Bin Othman академиялық ұтқырлық аясында Малайзияның Путра университетіндегі студенттердің оқу мүмкіндіктерін қарастырды.