«Инжиниринг» факультетінде І Халықаралық Есенов оқулары шеңберінде келесі секцияларда ұласты: “Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы қазіргі жағдайы мен даму келешегі. Геология және теңіз суын тұзсыздандыру”, “Цифрлық Қазақстан: ақпараттық жүйелер және энергетика.”
Секциялық отырыстарда оқытушылар баяндама жасады, үздік баяндамашылар сертификаттармен марапатталды. 1 секцияда ең Үздік баяндамашы болып Қойбакова С. Е., Каражанова М. К., Тайжанова Л. С. танылды. 2 секцияда ең үздік баяндамашы болып профессор Бржанов Р. Т., доцент Утебаев М., доцент Сулейменова Б. Б. танылды. Конференция қатысушыларға өздерінің ғылыми жұмыстарының қорытындыларын көрсетуге, пайдалы ақпарат алуға, пікір алмасуға, университеттің ғылыми бағыттарын одан әрі дамытудың жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.