Cалауатты өмір салтын насихаттау мақсатында экономика мамандықтарының студенттер арасында «Бизнес және құқық» факультетінің «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Былғары доп (олимпиадалық жүйе бойынша)» футбол турнирі өткізілді. Бірінші орынды «Менеджмент» командасы иеленді, 2-ші жүлделі орынды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» командасы женіп алды, 3-ші орынды «Есеп және аудит» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (екінші команда) командалары иеленді.
Осындай форматтағы спорттық іс-шаралар физикалық және рухани тәрбиеленуіне, студенттік жастардың денсаулығын нығайтуға және әртүрлі деңгейдегі жарыстарға спортшыларды дайындауға ықпал етеді.