Physics

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі ұсынған жаңа жалпы білім беру мектептеріне жаңартылған бағдарламаға сәйкес, ғылым және кәсіби қызмет саласындағы Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті физика бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Дағдылар

• Білім алушылардың кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру;
• Білім алушылардың тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби этикалық нормаларды ұстануын қалыптастыру;
• Білім алушылардың кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
• Білім алушылардың кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыру;
• Тіл үштұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды қамтамасыз ету.

Басты қызметтер

• жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-құрастырушы ұйымдарында оқытушылар;
• техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары оқытушылар;
• негізгі, бейіндік және кәсіптік мектептерде мұғалімдер;
• педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мекемелерінде ғылыми қызметкерлер;
• кәсіптік білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарда қызметкерлер