4 қараша күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Университетті басқару аясындағы академиялық адалдық саясаты» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция шеңберінде «YU парасаттылық мектебінің» ашылуы болды. Пленарлық отырыста: «Манғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МО бойынша филиалының, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және басқа ұйымдардың басшылары мен өкілдері баяндама жасады. Олар өз пікірлерін білдіріп, университетпен тығыз байланыс орнатуға ниетті екендіктерін білдірді. Секциялық отырыстар барысында магистранттар, студенттер, жоғары оқу орындары оқытушылары баяндама жасады.