Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын орда

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Сіздерді Yessenov University тарих ғылымдарымен байланысты Алтын Орданың 750 -жылдығына және Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын орда» атты аймақтық студенттік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 22 сәуір 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Негізгі мақсаты: Болашақ ұрпаққа ата – бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламыздың төрінде өзіндік орын алған  тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында орта ғасырларда құрылған ірі мемлекет Алтын Орданың тарихын таныстыру арқылы біздің тарихымыздың тереңде жатқандығын  насихаттау және тарихи сананы  көтеру.

 Міндеттер:

  1. Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп таныстыру;
  2. Жошы ұлысының саяси және әлеуметтік экономикалық тарихын, оның қалдырған мол мұрасының маңыздылығын талқылау;
  3. Ұлы дала төсінде үш ғасырдан астам салтанат құрған Жошы ұлысының тарихына қатысты орын алған  бірқатар маңызды өзекті ақпаратпен, ғылыми біліммен және практикалық тәжірибемен алмасу.

 «Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын орда» атты аймақтық студенттік онлайн конференцияның жұмысы келесі бағыттарда жүргізілетін болады:

  1. Ұлық ұлыстың атасы-айбынды Алтын орда;
  2. Евразия кеңістігіндегі Алтын орда.

 Конференция бағдарламасы:

1100 –1200 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
1200 – 1300  – Секциялық отырыс
1300 – 1400 – Қорытынды шығару. Конференцияның жабылуы

Түскен материалдар электронды жинаққа енгізіледі. Электронды нұсқадағы баяндамалар 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін (қоса алғанда) электрондық пошта aizhan.agniyazova@yu.edu.kz арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7292)42-57-37,+77753333955.

СІЗДІҢ ҚАТЫСУЫҢЫЗҒА ҚУАНЫШТЫМЫЗ!

 Ұйымдастыру комитеті

ЖАРИЯЛАНАТЫН МАТЕРИАЛДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Баяндамалар электрондық нысанда (электрондық пошта арқылы) doc немесе rtf кеңейтуімен файл түрінде ұсынылады. Баяндамалар бар файл – бірінші автордың тегі бойынша (мысалы, IGCE.doc; Ivanov.doc).

Жарияланатын материал: міндетті түрде ӘОЖ, аңдатпа, түйінді сөздер, мәтін Word 6.0 редакторында терілуі тиіс, парақ форматы – А4, шрифт Times New Roman Cyr, әріптер өлшемі 12, барлық жағынан 2,5 см.

Аңдатпа мәтіннің басында мақала көрсетілген тілде беріледі (40-50 сөз). Аңдатпа ғылыми шығарманың тақырыбы мен құрылымы туралы жалпылама түсінік беретін қысқаша мазмұндама болып табылады.

Түйінді сөздер мақала мазмұнын барынша толық ашуды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін 5-6 түйінді сөзді олардың маңыздылығы бойынша қойыңыз, яғни мақаланың ең маңызды сөзі тізімде бірінші болуы тиіс.

Баяндаманың атауы: бас әріптермен, орталықтанған; авторлары: тегі және аты – жөні (титулдары көрсетілмейді), ведомстволық тиістілігі көрсетілген ұйымның толық атауы- орталықтанған. Мәтін ені бойынша тураланады; интервал бір; абзацтық шығыңқы – 1,5 см. Мәтін баяндама қалпынан бір бос жолдан бөлінген. Баяндама көлемі– 5 беттен артық емес.

Иллюстрациялар: суреттер, фотосуреттер және кестелер мәтінге енгізілуі тиіс. Суреттер мен фотосуреттерге қойылған қолдар олардың астында бір интервал өткізілгеннен кейін орналастырылады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ортасында, суреттер нөмірленеді (мысалы: 3-Сурет. Уақытпен жүйенің жай-күйінің өзгеруі). Кестелер Word редакторының құралдарымен басылады. Кестелердің атаулары кестенің үстінде орналасады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ені бойынша туралау, кестелер нөмірленеді (мысалы: 2 – Кесте. Үлгі параметрлерінің мәндері).

Формулалар: Microsoft Equation формулаларының редакторында орындалады (айнымалылар курсивтік сызуға ие, өлшемдері: кәдімгі – 12 pt, ірі индекс – 10 pt, ұсақ индекс – 7 pt, ірі таңба – 22 pt, ұсақ таңба – 12 pt), абзацтық шегініс – жоқ, туралау-беттің ортасында, қажет болған жағдайда формулалар оң жағында нөмірленеді. Белгілеулердің мағынасын ашу формуладан кейін орналастырылады, абзац шегінісі-жоқ.

Әдебиетке сілтемелерді төртбұрышты жақшада [1, 2] мәтіндегі дәйексөз ретінше көрсету керек.

Әдебиеттер тізімі мәтін соңында орналастырылады және бос жолмен бөлінеді. “ӘДЕБИЕТ” тақырыбынан кейін-жолды өткізу, тақырыбы орталықтанған, қалың қаріп – 12 pt. Әдебиеттер тізімінде авторлардың аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетіледі. Монографиялар үшін қала, баспа, жыл, беттер саны; журнал мақалалары үшін – журнал атауы, жылы, том, нөмірі (шығарылымы), беттері; жинақтардағы мақалалар үшін – жинақтың атауы, қаласы, баспасы, жылы, беттері; электронды ақпарат көздері үшін – тиісті сайтқа сілтеме, 3-тен артық емес.

БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 20 СӘУІР 2020 Ж. АЯҚТАЛАДЫ

МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

анықтама үшін телефон: +7(7292)42-57-37, +7 775 3333955

сайт: http://yu.edu.kz/

электрондық пошта: aizhan.agniyazova@yu.edu.kz

Ұйымдастыру комитеті