16 March 2019

YESSENOV ARÝY MEN SULTANY

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Жастар жылына орай «YESSENOV ARÝY MEN SULTANY – 2019» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – дарынды, білімді, білікті, өнерпаз жастарды, қыздар арасынан бөлек аруды, жігіттер арасынан бөлек жеңімпаз сұлтанды анықтау. Байқауда студент жастардың тек сыртқы мүсіні ғана емес, ең алдымен ішкі жан дүниесі, білімі, рухани көркемдігі мен сана-сезімі алдыңғы кезекке қойылады. Шара барысында ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін, әдебиет пен тарихты, әдеп мен мәдениетті меңгерген, сонымен қатар заман ағымына сай жан-жақты, сымбатты, көзі ашық, көкірегі ояу, бәсекеге қабілетті жастардың болмысы айқындалып, үлгі етілді.
Байқауда үміткерлер өз өнерлерін ортаға салып, қазылар алқасының арнайы сұрақтарына жауап берді және демеушілердің киім үлгерімен таныстырды. Байқауымыздың бас жүлдесіне Арзу Муxамбеткаримқызы Ескаир және Ербол Амандықұлы Жұмахан лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.