15 October 2019

Ресей, Түркия және венгрияның ғалымдарымен кездесу

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған Халықаралық конгресске келген еліміздің жоғары оқу орындарынан, Ресей, Түркия және Венгриядан келген ғалымдармен кездесті.
Кездесу барысында аудармашы және ақын Анатолий Ким Әбіш Кекілбаевтің шығармаларының аудармасының ерекшелітері туралы айтып, университет ректорына өз аударма кітабын сыйлады. Түркия Республикасының Кастанмони университетінің профессоры Орхан Сөйлемез Yessenov University-мен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасуға ниет білдірді.