Yessenov University  «Атриум»  залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы М. Бағдатұлы және «Инжиниринг» факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен, университеттің техникалық және әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушыларына арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік концерт өтті. Мақсаты – университетке адал қызметтерін, ерең еңбектерін бағалау, қолдау көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мерекелік кештің басты қонақтары – университет ғимараттарын әсемдеп, оның тазалығын сақтап жүрген техникалық қызметшілері. Арнайы шақырылған қонақтарға университеттің өнерпаз студенттері әсем әндерін, жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып, сыйлықтарын таратып, үлкен алғысқа бөледі.