Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті  Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында “Ашық есік күнін” өткізді. Cтуденттер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жарияланымдарымен және Маңғыстау облысының Статистика департаментінің қызметкерлері дайындаған буклеттер мен кітапшалармен танысты.