04 March 2020

Дефектология негіздері

Үздіксіз білім беру институты 2020 жылдың 15 ақпанынан бастап «Педагогика» факультетінің «Педагогикалық технологиялар» кафедрасында 6В01901- «Дефектология» мамандығын ашу мақсатында профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарға арналған «Дефектология негіздері» курсын бастады.

Семинарда 20 адам қатысуда. «Дефектология» мамандығы бойынша 16 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Кондыбаева Лаура Абдигапаровна ауызша және жазбаша сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға түзету және дамыту технологиялары туралы білім береді, сонымен қатар ерте жастағы аутизмі бар балалармен қазіргі түзету жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтады. Бірнеше апта бойы курс қатысушылары №8 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан сөйлеу және есту қабілеті бұзылған ерекше балаларға арналған түзету бөлмесінде болды. Тыңдаушылар практикада қолдың моторикасын дамытатын және ақыл-есі кем балаларға арналған ойындарын игеретін арнайы жаттығуларды үйренді.

г. Актау, 32 мкр., КГУТИ имени Ш.Есенова, ИНО, каб. 2-1
8(7292)42-57-28(вн.129) 8(701)57-29-024
roza.makhambetova@yu.edu.kz