26 April 2019

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның 10 жылдығына және ұлттар депортациясының 75 жылдығына орай жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған этностар жөніндегі тарихи-мәдени шаралар циклі басталды.
Шараға кәріс этно-мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Валерий Яковлевич Цой, кафедра оқытушылары, университет студенттері қатысты.
Шара барысында саяси қуғын-сүргін көрген халықтардың Қазақстанға қоныстандырылуы, кәріс ұлтының қазақ еліне келу тарихы жөнінде баяндалып, деректі фильмдер, бейнематериалдар, студенттердің концерттік бағдарламалары тамашаланды.