31 March 2020

Yessenov Олимпиадасы

ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 

1. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең – іріктеу кезеңі on-line түрінде 1-15 сәуір аралығында өткізіледі; география, биология, физика, математика, химия, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, орыс тілі/орыс әдебиеті, қазақ тілі/қазақ әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмалардан тұрады.

2. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатыса алады.

3. Оқушылар тек бір пән бойынша ғана Олимпиадаға қатыса алады.

4. Бірінші кезең қорытындысы бойынша тиісті ұпай жинаған қатысушы келесі кезеңге қатысуға жіберіледі.

Бірінші кезең ережесі:

1) Қатысушылар электрондық сайтқа міндетті түрде тіркеледі (өзі туралы толық ақпаратты кириллицамен толтыруы қажет) және тестілеуден өтеді.

2) Қатысушы өзі таңдаған пән бойынша тест тапсырмаларын орындайды (тест тапсырмасын тапсыруға 45 минут беріледі).

3) Қатысушы тек бір рет ғана, пән бойынша тест тапсыра алады. Екінші рет тапсырған тест қорытындысы есепке алынбайды.

4) Әр бір қатысушының уақыты жүйеге кірген сәттен басталады.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Олимпиада женімпаздары I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталады және география, биология, физика, математика, химия, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, орыс тілі/орыс әдебиеті, қазақ тілі/қазақ әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша Ш.Есенов атындағы КМТИУ ішкі грантына (жеңілдік), ие болады:

1 орын – 100 % жеңілдік;

2 орын – 75 % жеңілдік;

3 орын  –  50 % жеңілдік.

Тіркеу