«Тофу» студенттер демалыс орны Ақтау қаласы, 7А шағын ауданы, 11 ғимаратта, Каспий теңізінің жағасында орналасқан.
«Тофу» студенттер демалыс орталығы Ақтау қаласының тұрғындарына, қонақтарына және студенттер мен оқытушыларға жұмыс жасайды және Университеттің «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттері тәжірибеден өтіп, теория мен тәжірибені ұштастырады.
Білімалушыларға арналған шынықтыру алаңы, ашық демалыс орындары, сонымен қатар шағын амфитеатр пайдалануға беріледі.
Және де, бұл жерде, атап айтатын болсақ, спорттық және мәдени-бұқаралық, дене сауықтыру –шынықтыру іс-шаралар, халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар, жарыстар, конкурстар, конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады.
Білімалушылар мейрамхана ісін жүргізуді, өздерін қалай ұстай біліп, бизнестің қыр-сырын меңгереді. Және де, тәжірибеден жақсы өткен, білікті студенттер еңбекақы алады және тәжірибе жинақтап, болашақта сол ғимаратқа жұмысқа орналысуына болады.