Педагогика и методика начального обучения

Описание

Бағдарлама қазақ қоғамы мен мемлекетінің заманауи сұраныстарына сәйкес педагог кадрларды іргелі-академиялық және қолданбалы, практикаға бағдарланған даярлаудың органикалық үйлесіміне, бастауыш білім беру педагогының кәсіби әмбебаптығының ерекшелігін ескере отырып негізделеді. Ол классикалық педагогика дәстүрлерін және бастауыш білім беру әдістемесін, ғылымның жаңа жетістіктері мен инновациялық педагогикалық технологияларды игеру, оқытудың практикалық бағытын күшейту негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы бойынша зерттеулер

Ғылыми- зерттеу бағыты:

1. «Оқушылардың жаратылыстану-математикалық және оқу сауаттылығын өлшеуді PIZA нәтижелерімен салыстырудағы мұғалімнің зерттеушілік әрекетінің рөлі» (Көкшеева З.Т.).

2. «Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі» (Ш.Сапарбайқызы «Маңғыстау аймағындағы алғашқы рухани білім, тәрбие ошақтарының қалыптасып, дамуы»).

Құзыреттіліктер, негізгі дағдылар

Жекелік, Зерттеушілік, Кәсіби, Сандық, Басқарушылық

Білім беру бағдарламасының бәсекелестік артықшылықтары

Осы бағдарламаның арқасында магистрант үздік оқу тәжірибесіне қосылады:

• Проблемаларды шешу үшін оқу-әдістемелік технологиялар мен инновацияларды жобалау және әзірлеу;

• Тиісті оқу технологиялары мен инновациялармен байланысты білімді интеграциялау, генерациялау және беру;

• Әр түрлі жағдайларда білім беру технологиялары, оқу технологиялары, оқыту дизайны және инновациялар саласында жобалар немесе зерттеулер жүргізу.

Халықаралық және стратегиялық серіктестер

Әзірбайжан педагогикалық мемлекеттік университеті. 2. Брюссель Еркін университеті. 3.Қазақстан Республикасының психология Ассоциациясы Медициналық және психологиялық мәселелер орталығы.

Қайда жұмыс жасай алады

Бұл бағдарламаның түлектері : бастауыш білім беру педагогы, тәрбиешілер (мектептер мен жоғары оқу орындары), оқу дизайнері білім беру технологиялары бойынша кеңесші, ғылыми қызметкер және білім беру технологиялары саласындағы саясаткер сияқты кең мансаптық қызметтерді атқара алады.

Дуальді оқыту мүмкіндігі

БББ дуалды оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылады

Академиялық ұтқырлық

Серіктес университеттермен академиялық ұтқырлық

Кәсіби практика облыс кәсіпорындарында

Тәжірибе Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының мектептерінде

Қызықты пәндер

1. Бастауыш білім берудің заманауи трендтері
2. Білім беру ұйымының дизайны және экожүйелерді құру

Полезные ссылки

Контактная информация отдела

Педагогика и методика начального обучения

Раб. график: 09:00 — 18:00