Құрметті отандастар!
Қазақтың ортақ мақтанышына айналған, халқымыздың ұлы перзенті, дара перзенті, ақын, философ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған атаулы мереке Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Абай-ақын, Абай-дана. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Өмірден өткеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, Абайдың Ұлы жаратылыс пен адам пендесі туралы ойы мен сөзі тек қана қазақ баласы үшін емес, бүкіл адамзат ұрпағы үшін ескірмес өсиетке айналды. Абайдың өзі де рас, сөзі де рас дегеннің дәлелі де сол шығар.
Мәңгі Қазақ елін орнатып жатқан жастар санасын ұлы ұстаздың өсиеттерімен нәрлендіру, ұлттық болмысын қалыптастыру – барлық уақытта да аға ұрпақ міндеті болып қала бермек.
Түптеп келгенде, әрбір қазақ баласы Абаймен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!