B08.031

Қазақстанның ежелгі заман тарихы

Course ID
B08.031
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
2
Credit
5
Method

Описание

Пәннің мақсаты: Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап ортағасырлардағы феодалдық құрылыстың пайда болуына дейінгі тарихи шындықты деректер арқылы сипаттап, баға бере білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ежелгі Қазақстан тарихын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан түсіну негізін қалыптастырады. Пән Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымдар тарихының негізгі мәселелерін зерделеуге бағытталған.

Результаты обучения

ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымдар тарихының негізгі оқиғаларын сипаттайды; Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымдар тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін сыни тұрғысынан ойлау арқылы адамзат дамуының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен сәйкестендіреді; тарихи дәйектер мен құбылыстарды түсіндіре алады, білімі мен тұжырымдарын тәжірибеде қолданады; әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымдар әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы туралы пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинайды, түсіндіреді, тарихи процестердің ерекшеліктері мен мәнін талдайды, қорытындылайды, оларға баға береді; Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымдар туралы ақпаратты, идеяларды, мәселелер мен шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілетін меңгереді; оқуды жоғары дербес түрде жалғастыру үшін Қазақстанның ежелгі заман тарихы бойынша түрлі дереккөздерімен жұмыс жасайды, оқу саласында осындай шеберліктерін дамытады.