B08.007

Орта ғасырлар тарихы

Course ID
B08.007
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
4
Credit
5
Method

Описание

Пәннің мақсаты: феодалдық құрылыстың қалыптасуы, гүлденуі, ыдырауы, ортағасырлық Еуропа мемлекеттерінің, ұлттардың пайда болуы туралы жүйелі білім беру. Оқу курсы феодализмнің әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктерін анықтап, талдай білу негіздерін қалыптастырады. Пән V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейінгі Батыс және Орталық Еуропа елдері, Византия тарихы, капитализим генезисіне дейінгі мәселелерді талдап, зерделеуге бағытталған

Результаты обучения

«Орта ғасырлар тарихының» негізгі ұғымдарын, феодализм, феодалдық қатынастардың пайда болуы мен дамуын, феодалдық қоғам дамуының негізгі белгілерін ажырата біледі; «орта ғасырлар» ұғымы арқылы тарихи кезеңдеу мәселесін түсінеді, кәсіби өңдеуден өткен құнды мәліметтерді үйлестіреді; «Орта ғасырлар тарихы» оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау тәсілдерін меңгеріп, алған білімін ұтымды қолданады; ерте, орта және кейінгі ортағасырлардағы еуропалық мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін ажыратады, тарихи процестердің заңдылықтары мен қозғаушы күштеріне, тарихи оқиғалар мен тұлғалардың іс-әрекетіне жан-жақты талдау жасап, жауап береді; деректердің түрлі көздерін пайдаланып, өзіндік сараптаудан өткізу, дәлелді мағлұматтардың негізінде туындаған сұрақтарға жауап беруді жүзеге асырады, мәселелерді шешу жолын түсіндіреді; дүние жүзінің орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларын қадағалап, баға береді.