АРАДАГЕР ҰСТАЗ ОРДАЛЫ ҚОСАЙ ЖАСАҚТАҒАН«БИІКТІК» АТТЫ ОҚУ-АУДИТОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

 

Бүгін 8 ақпанда ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Ордалы Қосайдың құрметіне жасақталған «Биіктік» атты оқу аудиториясы ашылу салтанаты өтті. Шараға университет Президенті Б. Б. Ахметов, облыс әкімі Н. А. Ноғаев, ПОҚ, қонақтар және студенттер қатысты.

 

Көкордамыздағы мұндай мазмұнды кабинеттердің жас ұрпаққа берер танымдық тағылымы мол. Осындай игі істерді дәстүрге айналдырған университетіміздің Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы сөз сөйлеп:

 

-Баршаңыз да жақсы білетін Ордалы Мұқанұлы бар өмірін ұстаздыққа, қазақ балаларының әрбірін жеке тұлға ретінде қабылдап, математиканы түсінікті тілмен оқытуды мақсат еткен ақылшы ұстаз.  Білім саласында айтарлықтай өзгеріс енгізуге яғни, ағарту ісі, бала тәрбиесі, оқудағы инновация, бес күндік оқу аптасына көшу, мектеп директорын бес жылдық мерзімге сайлау туралы ұсыныстары, ұлттық коды мемлекеттік деңгейде іске асты.

 

Маңғыстауда еңбегі еленіп «Ұстаз» деген атаққа лайықты жерлестеріміз аз емес. Өлкеге, елге белгілі, өнегелі тұлғаларға арнап университетімізге 40-қа жуық кабинеттер ашылды. Осы үрдісті жалғастырып, бүгін өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған биік тұлға Ордалы Мұқанұлының кабинетін ашып, академик Есеновтың медалімен марапатталады,-деді.

 

Жаңадан жасақталған кабинеттің лентасын ардагер ұстаздар Алдаберген Құрмашев пен Ордалы Қосай қиды. Кабинеттің ашылуымен құттықтауға арнайы келген Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы:

 

Бәріміз бас қосып тұрған бүгінгі шара – ең алдымен біздің ұстаздар қауымына тағзымымыз және олардың қызметі мен өмірлік тәжірибесіне құрметіміздің белгісі.

 

«Биіктік» деп аталған оқу аудиториясы Маңғыстау математиктерінің шежіре тарихын қамтиды. Олар туралы мәлімет береді. Бұл кабинеттің авторы әрі жасақтауға кеңес беруші – ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Ордалы Қосай ағамыз, -деді.

 

Аудиторияның ашылу салтанаты аясында іс-шараларымыз «Оқу-ағарту қызметіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында семинармен жалғасты.