С целью межвузовского обучения 29 ноября 2021 года на факультете науки и технологий для студентов специальностей «Химия» и «Биология» КазНУ им. Аль-Фараби, доктор химических наук, профессор Буркитбаев М.М. лекция.
Кездесу барысында профессор өзінің ғылым жолына тоқталып, «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» атты НАТО Бағдарламасы аясында бірнеше халықаралық жобаларды басқарғанын айтты. Дәріс мазмұны қоршаған ортаға қауіпсіз нанокүкіртті қосылыстар алып, ауыл шаруашылығында егін өсіруде пайдаланып, өнімнің шығымын арттыру туралы болды. Факультет ғалымдары мен студенттері ғалымға алдағы жоспары жайлы сұрақтар қойып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Профессор студенттерге заман талабына сай ағылшын тілін оқып, шетелдік жобаларға қатысып, еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосуларын сұрап, оқу барысында сәттілік тіледі.