31 қаңтар күні Yessenov University ректоры Берік Ахметов Лондондағы Брунель университетінің профессоры, доктор Бин Вонгпен және BRITISH COUNCIL кеңесшісі доктор Диляра Водвурдпен кездесті.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Yessenov University халықаралық бөлімі мен BRITISH COUNCIL-мен бірлесе жүзеге асырып жатқан «Қазақстан университеттерінің интернационализация стратегиясының ішкі бағасы» жобасын талқылау кезеңінің екінші сатысы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Брунель университетін мысалға ала отырып жұмыс тобы Ұлыбританияның интернационализация саласындағы үздік тәжірибелерімен танысты.