Праймериз – алдын ала іріктеу, партияішілік таңдау. Оның негізгі мақсаты барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына және Қазақстан Парламенті Мәжілісіне, партияның өңірлік филиалдарына ұсыну үшін әділетті сайыс негізінде жаңа көшбасшыларды, жаңа толқынды анықтау. Аталмыш шара елдің дамуына мұрындық болғысы келетін мүдделі,жігерлі,патриот азаматтар мен азаматшалар үшін үлкен мүмкіндік.
Бұл өзгеріс партия мен халық арасында тығыз байланысты нығайтып, әсіресе, шалғай өңірлердегі проблемаларды шешуді басты назарға ала отырып, елдің дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жүйелі түрде оң көрсеткіштер алып келетіні сөзсіз. Егер, осы мақсатта Сіз де өзгерістер енгізгіңіз келсе праймеризге қатысуға шақырамын.