B08.005

Ежелгі дүние тарихы

Course ID
B08.005
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
3
Credit
5
Method

Описание

Пәннің мақсаты: «Ежелгі дүние тарихының» арнаулы бөлімдері, құлиеленушілік қоғамның даму заңдылықтары, ежелгі өркениеттер туралы нақты білім беру. Оқу курсы «Ежелгі Шығыс» пен «Антикалық қоғамдар» тарихының арасындағы ерекшеліктер мен ортақ белгілерді талдап, түсіндіре білуді қалыптастырады. Пән Шығыс деспоттығы, оның мәні мен сипаты, өркениеттің ежелгі ошақтары, құлиеленушілік демократия туралы талдап, зерделеуге бағытталған.

Результаты обучения

«Ежелгі Шығыс» тарихы мен «антикалық қоғамдар тарихы» әлемдік тарих ғылымдарының бөлінбес бір тармағы ретінде қарастырылып, Шығыс халықтарының Грек-Рим әлемінің дамуына тигізген әсері, Ежелгі Шығыс пен антикалық қоғамдардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктері, олардың экономикалық, саяси дамуы, өркениеттің ең ежелгі ошақтары жөнінде сипаттап, түсіндіре алады, тарихи кезеңдеу мәселесін түсініп, кәсіби өңдеуден өткен құнды мәліметтерді үйлестіреді; зерделеген оқиғалардың барысы мен салдарын тарихи сипаттау тәсілдерін меңгеріп, алған білімін ұтымды қолданады; өз жауабына жасаған жазбаша және ауызша түрде қорытындыларын тарих пәнін оқыту үрдісінде қолданады, ежелгі дүние тарихына қатысы бар барлық мағлұматтарды игереді, дерек көздерімен жұмыс жасай алады;Ежелгі Шығыс, Ежелгі Грекие және Ежелгі Римнің тарихын байланыстыра отырып, деректер негізінде ежелгі қоғамдардың даму заңдылықтары мен тарихи кезеңдеріне талдау жасай алады, қазіргі деректанымдық сараптамаларға сай мәтінді таңдап, талдай біледі; фактілер мен құбылыстарды талдап, олардан жалпы және бірегей, тосын және заңды белгілерді ажыратады; өркениеттің пайда болуы мен даму тарихын оқып-үйренеді, ежелгі дүние тарихы туралы деректермен жұмыстың негізгі әдістерін меңгереді; пәннің кезеңдері бойынша тарихи үрдістерді тарихи зандылықтарға негіздей отырып сараптайды;өтілген тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, баға береді, Ежелгі Шығыс пен антикалық қоғамдар арасындағы байланыстар мен ерекшеліктерді талдап, тұжырымдайды, өзіндік пікір және баға бере алады; ежелгі мәдениет және ежелгі дүние тарихы дамуының негізгі белгілерін ажырата алады.